Жұмысқа шыққан жастарға 85000 теңге төленеді – Президент

16178

Қаражат жалақыға үстеме ретінде беріледі.  

Жұмысқа шыққан жастарға 85000 теңге төленеді – Президент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 наурыз күнгі жасаған үндеуінде айтқан алтыншы мәселеде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы карантиндік шаралардың салдарынан еңбекке қабілетті халықтың, бірінші кезекте жастардың көп болуын айтып, үкімет пен әкімдерге "Жұмыспен қамтудың жол картасы" аясында осы аймақтарда нақты жобаларды дереу бастауы қажеттігін ескертті.

"Жабық кедергілерде отырмай, адамдар табыс көзіне ие болуы керек. "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша жұмысқа баруға дайын азаматтарға жұмыс орнына келгеннен кейін бірден 2 ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе 85000 теңге көлемінде "көтерме ақы" ұсынылады. Тұрақты жалақының орнына емес, оған қосымша төленеді. Мобильді кадрларды іріктеу орталықтары орналастырылып, оның аясында әкімдіктер түсіндіру жұмыстарын, коронавирусқа жедел тестілеу, жұмысшыларды жаңа жұмыс орнына жинау және тасымалдау жүргізеді. Әрине, жұмыс берушілер "Бизнестің жол картасы" бағдарламасында жұмыс істейтіндердің барлығын лайықты еңбек жағдайлары және қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуі керек", – деді Мемлекет басшысы.

Нұржан Көшкін

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу