Жұмыспен қамтуға 4 миллионнан аса қаражат қарастырылды

1016

Жұмыспен қамтуға 4 миллионнан аса қаражат қарастырылды

Шу ауданда жұмыссыздық деңгейі 4,3 пайызды құрап отыр. Осыған орай, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жалпы 416,380 млн. теңге бөлінді. Кешенді жоспар бойынша жұмыспен қамту жоспарланған 2 434 адамның 596-ы тұрақты жұмысқа орналастырылып, 47,7 пайызға жеткен, деп хабарлайды zhambylnews.kz. 

Жалпы, аудан бойынша 2017 жылы 555 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланып, бүгінгі күнге 437 жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, нысаналы топтағы 63 мүгедекті жұмысқа орналастыру жоспарланып, бүгінгі күні 49 адам жұмысқа жіберілген.

Аудан әкімі Қайрат Досаевтың айтуы бойынша, "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасының І бағыты – "Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету" аясында 2017 жылға 16 мамандық бойынша оқытуға 50 692,0 мың теңге бөлініп, 7 оқыту мекемелеріне 509 адамды оқыту жоспарланған. Бүгінгі күнге 120 адам оқуға жолдама алып, игерілген қаражат 10082,0 мың теңгені құраған.

Бағдарламаның ІІ бағыты – "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бойынша 51 адамға 361 962,0 мың теңге шағын несие беру жоспарлануда, оның ішінде жергілікті бюджеттен 14 азаматқа 115000,0 мың теңге қаражат бөлінді. Бағдарламаға қатысушыларды "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шу аудандық филиалы арқылы 178 адам оқыту үшін жоспарлануда, бүгінгі таңға 178 азамат іріктеліп оның ішінде 33 азамат "Бастау-Бизнесі" бойынша сертификат алып, 30 азамат оқытылуда. Ауданда шағын несие "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ы мен микроқаржы ұйымдары, несие серіктестіктері арқылы беріліп, оларды қорландыру (фондирование) "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ы арқылы жүргізіледі.

Бағдарламаның ІІІ бағыты – "Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" аясында 501 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оған 124 688,0 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күнге 540 адам жұмыспен қамтылып, 66494,0 мың теңге қаржы игерілді, – дейді аудан басшысы. 

Ал, жастар практикасы бойынша ауданда 131 адамды жұмыспен қамтамасыз етуге 36 075,0 мың теңге қаражат бөлінген. Нәтижесінде, 161 жас маман жолдама алып, 20843,6 мың теңге игерілген. Сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыруға 18613,0 мың теңге бөлініп, 120 адамды орналастыру жоспарланған. Бүгінгі күнге 99 азамат немесе 82,5%-ы жолдама алып, 4843,4 мың теңге игеріліпті. Қоғамдық жұмысқа жергілікті бюджеттен 70000,0 мың теңге бөлініп, 250 адамды тарту жоспарланған. Қазіргі уақытта, 280 адам немесе 112 % жұмысқа тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу