Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 210 мыңнан астам жас қамтылды

452

Оның ішінде 75 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 210 мыңнан астам жас қамтылды Фото: gov.kz

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің негізгі шараларының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: Жастар практикасы; "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары; қоғамдық жұмыстар; "Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның қорытындысы бойынша бизнес-идеяны іске асыруға грант алуға болады; жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді оқыту.

Бұл жобалар мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ, жақында оқуын аяқтаған, сондай-ақ NEET санатына жататын 16-28 жас аралығындағы жастарға арналған.

Осылайша, жастар практикасын ұйымдастыру шеңберінде соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері қатарындағы жұмыссыздарға қолдау көрсетіледі. 2022 жылы жұмысқа орналасқандар саны 25,3 мың адамды құрады, оның 44%-ы жұмыс берушіде тұрақты негізде бекітілді.

Тек мектеп білімі бар немесе жақында мамандығы бойынша оқуын бітірген жастар үшін "Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы зейнеткерлік жасқа дейінгі қызметкерлерден – жас мамандарға тәжірибе мен білім беруді көздейді. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған шаралармен 3,8 мың жас қамтылған.

30,7 мыңнан астам жас қоғамдық жұмысқа орналастырылды.

Жастар арасында кәсіпкерлік бастамаларды дамыту мақсатында 58 мыңнан астам адам бизнес жүргізу дағдыларына ие болды, оның 6 мыңы өз ісін бастауға гранттар берілді.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша (оқу орнында немесе жұмыс орнында) қысқа мерзімді оқуға 3,3 мың адам жіберілді, олар оқу ақысы түрінде мемлекеттік қолдаумен, сондай-ақ стипендиямен және оқу орнына барып келуге, тұруға және медициналық тексеруден өтуге материалдық көмекпен қамтамасыз етілді. Оның ішінде 1220 адам оқуды аяқтады, оның 985-і жаңа мамандық бойынша тұрақты жұмысқа орналастырылды.

5 мыңнан астам жас Skills.Enbek порталында онлайн-оқытудан өту арқылы құзыреттіліктерін арттырып, дағдыларды игерді.

Сонымен қатар Eurasian Resources Group компаниялар тобымен бірлескен "Жастарды жұмысқа орналастыру" жобасы аясында 529 адам жұмысқа орналастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу