Жұмыспен қамтылған сотталушылар жалақысын бостандыққа шыққанда есеп шотынан алады

1014

Жұмыспен қамтылған сотталушылар жалақысын бостандыққа шыққанда есеп шотынан алады

Жамбыл облысында жыл басынан бері түзету мекемелерінде 11 жаңа өндіріс ашылып, 159 сотталушы жұмыспен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Облыс прокуроры Ернат Сыбанқұловтың сөзіне қарағанда, сотталушылар жұмысқа құлшына кірісіп, жаңа мамандық игеруге тырысып бағуда екен. Тәртіпті бұзбай жұмысқа деген ұмтылыс байқалатын көрінеді. 

"Бұрын көпшілік сотталушылар бостандыққа шығып жұмыс таппаған соң қайта қылмыс жасап, түрмеге оралатын. Енді үш еселі әсер – бір жағынан сотталушылар үшін еңбек терапиясы, екінші жағынан өз кәсібімен жұмыс істеу немесе қызығушылық танытатын саласы бойынша жаңа тәжірибе алу  мүмкіндігі. Ал үшіншіден – өз еңбектері үшін сотталушылар жалақы алады, ол өз кезегінде өздерінің жеке есеп шоттарында жиналып жатады. Яғни бостандыққа шыққан сотталушының адал өмір сүруіне мұрындық болатын таза еңбегімен тапқан ақшасы болады", — дейді Сыбанқұлов.

Сотталғандар колонияларда  раритетті автокөліктерді  қалпына келтіріп, саңырауқұлақ өсіреді, ағаштан ұлттық ыдыс, киіз үй, құрылыс материалдарын шығарады, қоян бағады, көкөніс өсіреді. 

"Мәселен, "Чернявская" ЖК көн бұйымдары – сөмке және портмоне жасайды, "Жебе" ЖК – трикотаж бұйымдарын, ал "Шарипова" ЖК металл заттарын жасайды", — деп қосты облыс прокуроры. 

Прокуратурада жүргізілген жұмыстар нәтижесінде сотталушылар қоғамға жұмыс істегісі келетін адал азамат ретінде оралып, қайта қылмыс жасауға бармайды деген үмітте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу