Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді

193

Бұл іс-шара – жұмыс іздеп жүрген кез келген адам үшін жақсы мүмкіндік.

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді Фото: baribar.kz

Астанада 28 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Алматы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жәрмеңкеде түрлі саладағы 90 ұйымнан 2000-нан астам бос жұмыс орны ұсынылады. Өндірістік кәсіпорындардың, қызмет көрсету компанияларының және білім беру мекемелерінің ұсыныстарымен танысуға мүмкіндік қарастырылған.

Сонымен қатар, жиынға Joltap бағдарламасының, әлеуметтік қорғау басқармасының және қаржы ұйымдарының өкілдері қатысып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді.

Сондай-ақ жәрмеңкеге Отбасы банкінің өкілдері қатысып, тұрғын үй бағдарламалары мен отбасыларға арналған мүмкіндіктер туралы мәлімет береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу