Жұмысшы мамандықтары дайындалуда

1791

Жұмысшы мамандықтары дайындалуда

Ал Шығыс Қазақстан облысында екі қолға бір күрек таппаған азаматтар қосымша білім алып, жүк көліктеріне жүргізуші болуды меңгере бастады. Жұмысшы мамандықтарының мектебі аймақтағы кен-байыту фабрикасында ашылған. Өйткені Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты биыл 85 мың тонна мыс өндірмек. Бірақ жұмысты ширату үшін штатты кеңейту қажет болған. Сондықтан, жақындағы елді-мекендердің тұрғындарын жұмысқа шақырып, қазір олар жаңа мамандықтарды меңгеруде. Комбинат басшыларының айтуынша, негізінен қарапайым жұмысшылар көлік жүргізуші болуға көптеп ниет білдіреді. Бұдан бөлек, ауыл азаматтары бұрғылаушы мамандығының да қыр-сырын үйреніп жатыр.
Біржан Нұралин, көлік жүргізушісі:
"Бұрын енді біз мынадай техникада жұмыс істеген жокпыз.Осы Ақтоғайда істеп жүріп көрдік. Жұмыстажүргенде бастғгым ұсыныс берді, осындай самасвалды меңгеруге қалай қарайсыз деп.Өзімнің шопырлық куәлігім бар. Басында кішкене қорқыныш болды, үлкен машина,бұрын көрмегем. Ұжым көмектесті, көрсетті не істеу керек екендігін, соныменалып кеттік. Қазір жұмысымыз жақсы".

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу