Алматыда Жастар саясаты басқармасы мен қала әкімдігінің қолдауымен "One day life" қысқаметражды фильмдерінің тұсауы кесілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жоба жұмысшы мамандықтарын насихаттап, қиындықтарды жеңіп, жетістікке жеткен адамдардың шынайы оқиғасын баяндайды.
Әр фильм көрерменді құрылысшылардан бастап медбикелерге дейін әртүрлі мамандардың бір күнімен таныстырады.
Тұсаукесерге жастар, білім беру және қоғамдық ұйымдардың өкілдері сияқты көптеген көрермен жиналды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу