Жұмысшы жалдауға 204,2 млрд теңге шығындалған

1311

Оның 47 млрд теңгесі арнайы агенттіктерге төленген. 

Жұмысшы жалдауға 204,2 млрд теңге шығындалған

Қазақстандықтар жұмысқа орналастыру агенттіктерінің қызметіне 47 млрд теңгеден астам  шығын жұмсаған. Бұл туралы Еnergyprom.kz аналитикалық порталы жазды.

Жалпы, жыл басынан бері жұмысқа орналастыру шығыны 204,2 млрд теңгені құраған. Оның 47 млрд теңгесі арнайы агенттіктерге төленген. Былтыр бұл көрсеткіш 344 млрд теңге болатын. Жұмысшы жалдауға жұмсаған шығын бойынша, Атырау облысы көш басында тұр. Республика көлеміндегі барлық шығынның 85 пайызы, яғни, 173,4 млр теңгесі аталмыш өңірге тиесілі. Екінші орында 11,8 млрд теңге шығындаған Алматы қаласы тұрса, үштікті Батыс Қазақстан облысы 9,3 млрд теңгемен түйіндеп отыр.

"Жұмысшы іздеуге ең аз шығындалған өңірлер – Солтүстік Қазақстан (3,9 млн теңге) мен Түркістан облысы (10,2 млн теңге). Алты айда жұмсалған 204,2 млрд теңгенің 156,7 млрд теңгесі қызметкерлермен жұмыс ұйымдастырға кеткен. Ал ұзақ мерзімді жұмысқа орналастырушы агенттіктердің қызметіне  46 млрд теңге төленген. Уақытша жұмысқа орналастырумен айналысатын агенттіктер 1,1 млрд теңгенің қызметін көрсеткен", – деп жазды Еnergyprom.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу