Жұмысшылардың жалақысына бөлінетін субсидиялау шарттары өзгерді

627

Қазіргі таңда ол 20 айлық есептік көрсеткішпен есептеледі.

Жұмысшылардың жалақысына бөлінетін субсидиялау шарттары өзгерді Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда субсидияланатын жұмыс орындарына тұрған жұмысшылардың жалақысын субсидиялау шарттары өзгереді. Нақтырақ айтқанда, субсидияның ең төменгі мөлшері өзгереді.
Қазіргі таңда субсидияның төменгі мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішпен есептелсе, енді оны ең төменгі жалақы мөлшерімен есептеу көзделіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл өзгеріс 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеру жоспарымен байланысты. Өйткені, 2024 жылы 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшері ең төменгі жалақы мөлшеріне жетпейтін соманы құрайды. Ал бұл "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" заң талаптарына қайшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу