Жұмысшыларға жалақы төлемегендерден 108 миллион теңге өндірілді

1067

Жұмысшыларға жалақы төлемегендерден 108 миллион теңге өндірілді

Алматыда 300-ден астам адам еңбекақысын ала алмай жүр. Бұл еңбек инспекциясына арызданған жұмысшылардың тіркелген ресми саны, деп хабарлайды almaty.tv.

Жыл басынан бері еңбек инспекциясына 897 адам арызданып, олардың 60 пайызына тиесілі 108 миллион теңге өндірілген. Ал өзгелері әлі де айлығын даулап жүр.  

"Бүгінгі таңда 4 кәсіпорында еңбекақы қарызы бар. Оның біреуі құрылыс материалдарын шығаратын мекеме болса, қалғандары құрылыс саласындағы мекеме болып есептелінеді және шағын кәсіпкерлерік субъектісіне жатады. Тапсырыс берушіден ақша түспейді деп сылтауратады. Кейбір кезде шотымызда ақша жоқ дейді немесе шотымызға арест қойып қойған деп айтады. Түрлі сылтаулармен кешіктіріп төлеп жатады еңбекақыны", - деді Алматы қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы басшысының орынбасары Алмат Қалдыбаев.

Жауапты басқарма өкілдері жұмысшыға жалақысын бермей жүргендерге тексерісті тоқтатпайтын жеткізді. Оларды әкімшілік жазаға тартып, айыппұл төлетпек.

Айта кетсек, жұмысшыға ақысын уақытылы төлемеген кәсіпкерге 150 мың теңгеден бастап, 240 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу