Жұмысшыларына қамқор кәсіпкерлерге салық жағынан жеңілдіктер беріледі

694

Сенаторлар әлеуметтік кәсіпкерлік мен МӘМС мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заң жобасын мақұлдады. Құжатта еліміздегі әлеуметтік кәсіпкерлікті заңнамалық түрде реттеп, оны дамыту тетіктерін жүйелеу көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жұмысшыларына қамқор кәсіпкерлерге салық жағынан жеңілдіктер беріледі

Заңға сәйкес енді әлеуметтік кәсіпкерлер әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар қатарына жататын өз қызметкерлерін оқытып, олардың біліктілігін арттыратын болса, салық жеңілдіктеріне ие болады. Сондай-ақ, мемлекет әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында олардың инфрақұрылымын қамтамасыз етеді. Осы саладағы кәсіпкерлерге қаржылық, ақпараттық, консультациялық, әдістемелік көмек көрсетеді.

"Мемлекет басшысы әлеуметтік мәселелерді шешуге, сондай-ақ, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсетуге үнемі баса мән беріп келеді. Бұл ретте әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың маңызы зор. Соның аясында заңдарға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға Сенат депутаттары бастамашы болып, дайындады. Осы ретте отандық заңнамада алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлік деген бағытқа анықтама беріліп отырғанын айта кеткен жөн", – деді Мәулен Әшімбаев.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу