Жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу туралы SMS-хабарлама жолданды

471

Еңбекмин 23-35 жас аралығындағы 25 мыңнан астам қазақстандық жұмыссыз жастарға жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар жолдады.  

Жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу туралы SMS-хабарлама жолданды Фото: ҚР Еңбекмин

Еліміздің әрбір азаматы Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жұмысқа орналасу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы кеңес ала алады, деп хабарлайды inbusiness.kz..

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда Отбасының цифрлық картасы енгізілгенін естеріңізге саламыз. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде мемлекеттік қолдау алуға құқылы азаматтарды анықтап, оларға проактивты форматта көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу