Жұмыссыз қалғандар 6 ай бойы бұрынғы табысының 45%-ын алып отырады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті. 

Жұмыссыз қалғандар 6 ай бойы бұрынғы табысының 45%-ын алып отырады Фото: google

"Тарифтерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшерін кезең-кезеңімен арттырумен қатар жүретін болады. Келесі жылдан бастап жұмысынан айырылған азаматтарға жарналарды төлеу кезеңіне сәйкес МӘСҚ-тен 6 айға дейін бұрынғы табысының 45% мөлшерінде төлемдер көзделген", – деп атап өтті ЕХӘҚМ басшысы.

Осы мақсатқа қол жеткізу үшін шағын бизнестің жалдамалы қызметкерлері үшін бірыңғай міндетті төлемді, онлайн-платформа арқылы жұмыс істейтін азаматтар үшін арнайы салық режимін енгізу, өз қызметкерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандыратын жұмыс берушілер үшін сақтандыру тарифтерін төмендету көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу