Жұмыссыз қалғандардың әлеуметтік төлемдері өзгереді

1184

ҚР еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің айтуынша, заң жобасында жұмысынан айырылуы бойынша берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау параметрлерін қайта қаралды. 

Жұмыссыз қалғандардың әлеуметтік төлемдері өзгереді

ҚР еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова жұмысынан айырылғандарға берілген әлеуметтік төлемнің қалайша өзгеретінін түсіндірді. Аталған мәселелер міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасында қарастырылған, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасында жұмысынан айырылуы бойынша берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау параметрлерін қайта қаралды. Соның негізінде кірісті алмастыру коэффицентін 30 пайыздан 40-қа дейін арттыру, сондай-ақ, әлеуметтік төлемнің ұзақтығын жүйеге қатысу өтіліне байланысты 4 айдан 6 айға дейін ұзарту ұсынылып отыр.

"Жаңа параметрлерді қолданған жағдайда жүйеге қатысу өтілі 85 айды, орташа айлық табысы 100 мың теңгені құрайтын қатысушы үшін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем 30 000-нан 41 600-теңгеге дейін артатын болады. Ол қазіргі көрсеткіштен 38 пайызға артық. Бұл ретте аталған төлем 4 айдың орнына қазіргідей 6 айға төленеді", – деді Светлана Жақыпова ҚР парламент мәжілісінде өткен жиында.

Айта кетейік, бүгін ҚР еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова депутаттарға міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, заң жобасын қабылдаудың нәтижесінде еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан және жұмысынан айырылу бойынша төлемдердің орташа мөлшері орта есеппен 30-36 пайызға дейін артады. Халық міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне көбірек қатысады. Сөйтіп, ресми түрде жұмыс істейтін адамдардың саны артады деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу