Жұмыссыз қазақстандықтардың 60 пайызының дипломы бар – Әсел Жұмасейітова

958

Елде жоғары білімі болса да жұмыссыз жүргендер бар. Бұл туралы Қазақстан-Британ техникалық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Әсел Жұмасейітова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жұмыссыз қазақстандықтардың 60 пайызының дипломы бар – Әсел Жұмасейітова

"Статистикалық деректерге сүйенсек, жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 12%-ы мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Сонымен қатар дипломы бар жұмыссыздардың үлесі артуда, яғни жұмыссыз қазақстандықтардың 60%-ында дипломы бар. Алайда еңбек нарығында белгілі бір мамандарға сұраныс бар. Бұл мәселе тек Қазақстанға тән емес", – деді проректор XIV Kazenergy Eurasian Forum-да.

Ол Еуропалық Одақ және АҚШ-тағы университтерді бітіргендерді жұмысқа орналастыру бойынша жүргізілген халықаралық зерттеу дерегіне тоқталды.

"Біріншіден, мұндай мәселенің басты себебі – мамандықты дұрыс таңдамау. Екіншіден, түлектерде жұмысқа қажет дағды мен білімнің болмауы. Басқа елдердің тәжірибесіне жүгінсек, бұл проблеманы кәсіптік бағдар беру арқылы шешуге болады", – деп түйіндеді сөзін Әсел Жұмасейітова.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу