Жұмыссыз жастар саны қай аймақта көп

1732

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңірде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі орташа көрсеткіштен де жоғары екендігіне баса назар аударды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Жұмыссыз жастар саны қай аймақта көп

"Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары – соның қатарында. Үкімет және облыс әкімдері осы мәселеге айрықша назар аударуға тиіс. Жыл аяқталғанда тиісті қорытындысын шығарамыз", – деді Президент. 

Мемлекет басшысы жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту өзекті мәселе екендігін айтты. 

"Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударатын кез келді. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жастар шығады. Елімізде өскелең ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жағдай жасалып жатыр. Бірақ нақты шараларға қарамастан, жастарды жұмыспен қамту мәселесі толық шешілмей келеді", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу