Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген ол қаладағы жұмыспен қамту орталығының жолдауымен "Атамекен" ҰКП бизнес жобасын сәтті қорғап, 505 мың теңге мемлекеттік грантты жеңген. Бұл қаржыға онлайн билет сатуды жүзеге асыратын easybus.kz интернет порталын іске қосыпты. Яғни, портал қалада жүретін автобустардың электрондық билеттері мен автовокзалдарды автоматтандыруға бағытталған.
"Қазіргі таңда өз командаммен Шымкенттен шығатын 14 бағыт бойынша тиісті бағдарламалық жұмыстарды және төлем жүйесін ретке келтіріп жатырмыз. Қаладағы 5 автовокзалмен және Түркістан, Шардарадағы автовокзалдармен келісімге отырдық. Онлайн билет сатып алу жүйелері автовокзалдарға тегін орнатылып жатыр. Порталмен жұмыс жасау жолдары да қызығушылық танытқандарға, автовокзал мамандарына ақысыз үйретілуде", – дейді ол.
Бекмұраттың негізгі мамандығы механика. Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алған. Енді бар білгенін ел игілігіне жұмсауды көздеп отыр.
Арай Есенбек