Жұмыссыздар қатары 2,5 млн-ға көбейеді

999

Жер бетіндегі әр бес адамның біреуі тәулігіне 3 доллар 20 цент қана табады екен. 

Жұмыссыздар қатары 2,5 млн-ға көбейеді

Биыл әлем бойынша жұмыссыздар қатары күрт көбейіп, 2,5 млн-ға жетеді. Халықаралық еңбек ұйымы осындай болжам жасады, деп хабарлайды Atameken Business.

Оған экономикалық өсімнің баяулауы, тиісінше жұмыс орындарының қысқаруы себеп болады.  Еңбек нарығында сұраныс төмен, сондықтан жарты күн жұмыс істейтіндер қатары да артады.

Қазір жұмыссыздар саны – 188 млн. Бұл тіркеуге алынғаны.

Қазір әлем бойынша жұмысқа тұра алмай жүргендер саны 120 млн-нан асқан. Ал маусымдық немесе кездейсоқ жұмыспен күнін көріп жүргендердің 630 млн-ы, яғни жер бетіндегі әр бес адамның біреуі тәулігіне 3 доллар 20 цент қана табады екен. Бұл біздің ақшаға шаққанда – 1 мың 200 теңге. Оларды мамандар жұмыс істейтін кедейлер қатарына жатқызады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу