Жұмыссыздар Жаңаөзенде аштық жариялады

536

Жаңаөзен қалалық әкімдігі алдына жиналған азаматтар ғимараттың жанында түнеуге ниетті.

Жұмыссыздар Жаңаөзенде аштық жариялады Фото: Lada.kz

Бүгін Жаңаөзеннің 20-ға жуық жұмыссыз тұрғыны жиналды. 

"Бізге әлі күнге дейін жұмысқа орналасу мәселелерін шешуге көмек көрсетілмегендіктен, біз аштық жариялауға ниеттіміз. Бұған дейін де жиналғанда екі қолға бір күрек тауып береміз дегенге сенген едік", - дейді жиналғандар.

Айта кетейік, өткен айда жұмыссыздар бірнеше күн бойы наразылық білдірген болатын. Олар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назар аударуын сұраған еді. Ол кезде де жұмыссыздар әкімдік алдында түнеп шыққан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу