Жұмыссыздарды қажетті мамандықтарға оқыту курстары ұйымдастырылады

1308

Оқу курстары 18 мамандық бойынша қаладағы 11 оқу орнында өтеді.  Биылғы  жоспарға сәйкес, 913 азаматты оқыту көзделуде. 

Жұмыссыздарды қажетті мамандықтарға оқыту курстары ұйымдастырылады

Елордадағы жұмыссыз азаматтарды нарықтағы қажетті мамандықтарға оқыту курстары ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Осы уақытқа дейін олардың 742-і қамтылып, оның 346-сы оқуын аяқтап, 129-ы жұмысқа орналасқан. Жоспарға енгізілген түзетуге сәйкес, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оқыту курсына тағы 450 адамды қосу көзделіп отыр. Бұл тұрғыда ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес, бағдарлама қатысушыларына 220 адам енгізілді. Олар енді 21-22 қазанда оқуға кіріседі",– делінген хабарламада.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сәйкес, "Атамекен қолдау орталығы" мобилді жұмыспен қамту орталықтарында1400 азамат кеңес алып, олардың 350-і Жұмыспен қамту орталығына жүгінген.

Айта кетейік, "Атамекен қолдау орталығы" мобильді жұмыспен қамту орталықтары адам көп жиналатын жерлерде, базарлар мен вокзалдар жанында, қозғалысы көп көшелерде, халық көп шоғырланған аудандарда орналасқан. Бүгінгі күні елордада 8 мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу