Жұмыссыздардың дені орта жастан асқандар

1403

Қызылорда облысында 16 мыңнан астам адам жұмыс іздеп, жұмыспен қамту орталықтарына тіркелген. Оның 4%-і жас буынның үлесінде болса, басым бөлігін егде жастағылар құрайды.

Жұмыссыздардың дені орта жастан асқандар

Биылғы жылы облыста 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу межеленіп, қазіргі таңда жоспардың жартысы орындалды, деп хабарлайды 24.kz.

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы бойынша еңбек нарығының қажеттілігі ескеріліп, 12 мыңнан астам адам қайта оқытылады. Бұл ретте аға буын өкілдері қоғамдық жұмысқа көптеп тартылмақ.

"Қорғаныс департаментінің шақырту таратуға, ПИК пәтерақы жинауға, көше сыпыруға жұмысқа жіберіледі. Кондитер, тігінші боламын, шаштараз ашамын деп жатса, олар да оқу курсына баруға мүмкіндігі бар. Немесе кәсіпкерлік негізде оқып алуға ешқандай шектеу жоқ. Тек зейнет жасқа жетсе, оны жолдай алмаймыз. Ал жетпеген азаматтардың  барлығын оқуға жолдай береміз", – дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Жанар Дәулетбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу