Жұмыссыздарға 6 ай төлем төленеді

17135

Бұл үшін жұмыспен қамту орталығына хабарласу керек. 

Жұмыссыздарға 6 ай төлем төленеді

Осыдан 2 күн бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жалдамалы жұмысшылардың 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек алуы үшін жұмыс беруші өтінім тапсыруға тиіс екенін мәлімдеген болатын. Бүгін министр таяуда жұмыстан шығып кеткендер не істеу керек екенін түсіндірді. 

"Жұмыстан шығып кеткен адамдарға жұмыспен қамту орталығына хабарласу керек. Бұл орталық азаматтарға ашық вакансияларды немесе басқа жұмыспен қамту шараларын ұсынады. Егер де еш жұмыс лайық болмаса, жұмыссыз қалған адам 3 күнде жұмыссыз ретінде тіркеледі және автоматты түрде Мемлекеттік сақтандыру қорынан жұмыссыздыққа байланысты 6 ай төлем алады", – деді Біржан Нұрымбетов. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу