Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатындардың саны рекорд жаңартуда

551

Шілдеде 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты төлем алған.

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алатындардың саны рекорд жаңартуда Фото: inbusiness.kz

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметінше, шілде айында 53,8 мың қазақстандық жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алды. Бұл бір ай бұрынғы аймен салыстырғанда 4,1%-ға артық, ал бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 96,4%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz DataHub-қа сілтеме жасап.

Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасының жазуынша, соңғы 8 айда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алушылар санының тұрақты өсуі байқалып отыр. 

"Шілде айында төлемнің орташа мөлшері 65,3 мың теңгені құрады. Бұл соңғы 5,5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Алайда ең төменгі жалақы мөлшерінен 5 мың теңгеге аз. Шілде айында жұмыссыздық бойынша жәрдемақылардың жалпы сомасы 4,3 млрд теңгені құрағаны да таңқаларлық жайт емес", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу