Жұмыссыздықпен күресуге 75 млрд теңге жұмсалмақ

1230

Бұған дейін ерікті қоныс аударуға 2 млрд теңге бөлінген болатын.   

Жұмыссыздықпен күресуге 75 млрд теңге жұмсалмақ

"Еңбек" бағдарламасы аясында 2019-2021 жылдары бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мен жұмыспен қамту үшін республикалық бюджеттен 75,5 млрд теңге бөлінеді. Оның ішінде 2019 жылы 48,6 млрд теңге, 2020 жылы 13,1 млрд теңге, 2021 жылы 13,8 млрд теңге қарастырылған.

Сонымен қатар, ерікті қоныс аударғандарға 428 тұрғын үй сатып алу жоспарлануда. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облыстарына көшетіндерді баспанамен қамтуға 3 млрд теңге жұмсалмақ. 

Соның нәтижесінде 2021 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға тұрақтап,  орта, бастауыш, жалпы білімі бар еңбек ресурстарының үлесі 20%-дан аспайды деп күтілуде.

Бұған дейін қазақстандықтардың ерікті қоныс аударуына 2 млрд теңге бөлінген болатын. Сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ерікті көші-қонға Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласының тұрғындары қатыса алатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу