Енді оның жолдасымен бірге туған қаласына көшіп кеткені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Мұндай тосын мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев айтты.
Оның сөзінше, әлеуметтік желіде сурет жарияланысымен Алматы қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері аталған отбасымен жолыққан. Десе де, олар ұсынған жұмыстан бас тартыпты.
Ербол Тұяқбаев отбасының Алматыдан не себепті көшкенін тап басып айта алмайтынын жеткізіп, ешқандай қысым болмағанын ескертті.
– Нақты не себеп болғанын білмейміз. Бұл – отбасының өзара қабылдаған шешімі. Мүмкін ата-анасы қайта шақырған шығар. Кеше ғана Шымкент қаласының әлеуметтік қорғау басқармасынан бұл ақпаратты нақтыладық. Олар отбасының сонда екенін растады. Ешқандай қысым көрсетілмеген, – деді ол.