Жұмыстан қысқарған адамдарға бір айлық көлемінде өтемақы төленеді

1386

Біржан Нұрымбетов жұмыс берушілерден еңбек демалыстарын төтенше жағдай кезеңінде беруді сұрады.    

Жұмыстан қысқарған адамдарға бір айлық көлемінде өтемақы төленеді

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

"Еңбек кодексі бойынша кез келген жұмыс істеп жүрген азамат жылына бір рет ақылы еңбек демалысына шыға алады. Ол үшін әр мекемеде кесте жасалады. Демалыс осы кесте бойынша немесе кестеден тыс берілуі мүмкін. Осы жағдайда біздің жұмыс берушілерден сұрайтынымыз, баласына қарауға мәжбүр болған жұмысшыларға сол жылына берілетін еңбек демалысын ақысын төлей отырып осы күндерге беруді сұраймыз. Бұл жерде кемінде орташа жалақысы төленетін болады. Бірақ өз кезегінде жұмыс беруші жұмысшыдан семьядағы ата-анасы, я болмаса басқа қамқоршылары  осындай демалысқа шықпағаны туралы, я болмаса жанұяда жұмыссыз жүрген азаматтар жоқ екендігі туралы анықтама талап етуге де құқылы. Ал енді осы жағдайдың бәрін іске асыра алмай, оны тек қана қысқартуға мәжбүр болатын жағдайда еңбек заңы бойынша жұмыс беруші бір ай бұрын жұмысшыға ескертуге міндетті.  Қысқартылған жағдайда бір айлық көлемінде өтемақы төленуге тиіс. Біз өз кезегімізде бүкіл еліміздегі кәсіпорын, ұйымдардың қайсысы жұмысшыларды қысқартуы мүмкін деген жағдайға мноиторинг жүршізіп отырамыз", – деді министр ОКҚ-да өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу