"Жұмыстарды барынша тездету керек": Үкімет басшысы су басқан өңірлердің әкімдеріне тапсырма берді

163

Кейбір өңірлерде жұмыс баяу жүріп жатыр. 

"Жұмыстарды барынша тездету керек": Үкімет басшысы су басқан өңірлердің әкімдеріне тапсырма берді Фото: ibirzha.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов тасқыннан зардап шеккендерге келтірілген бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Көріп отырғанымыздай, жұмыс қарқыны кейбір өңірлерде төмен, жұмыс баяу жүріп жатыр. Мысалы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында. Сондықтан әкімдерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек", - деді Үкімет басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін су тасқынынан зардап шеккен 30 538 отбасы біржолғы төлем алғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу