Жұмысынан айырылған 30 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алып отыр

861

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ президенті Дәулет Арғындықовтың айтуынша, биыл 185 мың адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Жұмысынан айырылған 30 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алып отыр

Оның дерегінше, елімізде 203 жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Орталық жұмыссыз жүрген азаматтарды тіркеу және оларға жұмыс табумен айналысады. Бұған қоса екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтарды басқа мамандыққа бейімдеу үшін тегін курстан өткізеді.

"Биыл 185 мың адам жұмыспен қамтылды. 30 мыңнан астам адам жұмысынан айырылу бойынша төлем алып отыр", – деді ол.

Дәулет Арғындықовтың сөзінше, жыл басынан бері жұмыс тәжірибесі жоқ 16 мың жас азамат оқу орнын бітіргеннен кейін жастар практикасына жіберілді.

Біліктілігі төмен 110 мыңнан астам адам қоғамдық жұмысқа жұмылдырылды. 16 мың адам әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды. 14 мың жұмыссыз азамат қысқамерзімді оқуға жіберілді. Жұмыспен қамту орталықтарына 432 мың адам жүгінді.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу