Жұмысынан айырылған 46,4 мыңға жуық қазақстандық әлеуметтік төлеммен қамтылды

386

Оның ішінде 16,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. 

Жұмысынан айырылған 46,4 мыңға жуық қазақстандық әлеуметтік төлеммен қамтылды Фото: azattyq-ruhy.kz

1 наурыздағы жағдай бойынша жұмысынан айырылған 46,4 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алды, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне, соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде қордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады", - деп хабарлады ведомство.

Ақпаратқа сәйкес, азаматтың жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәлімет болған жағдайда министрліктің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындауға келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді.

"Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу