Жұмысынан айырылған 78 мың адам МӘСҚ-дан төлем алған

802

Қазақстанда жұмысынан айырылған шамамен 78 мың адам мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төлем алған, деп хабарлайды inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жұмысынан айырылған 78 мың адам МӘСҚ-дан төлем алған

2021 жылғы 1 тамыздағы ақпаратқа сәйкес жұмысынан айырылған 77,9 мың адамға МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем аударылған. Оның ішінде биыл 52 мың адам төлемді алғаш рет тағайындалған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер
1-6 айға дейін әлеуметтік төлем алуға мүмкіндігі бар. Төлем жоғалған кірістің 40% дейін мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүргізіледі.

Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған қызметкер:

- eGov.kz порталында авторизациялану;

- "Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу" қызметін таңдау;

- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;

- бір күнде тұрғылықты жердегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

- жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (сізге ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат алу үшін хабарласуы мүмкін);

Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

"Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпарат жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады", - деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу