Жұптық бәсекеде қола әкелген Александра Ле жекелей сында да финалға шықты

582

Кеше Александра Ле мен Ислам Сәтпаев аралас командалық жарыста үшінші орын алып, ел қоржынына алғашқы медальді салған болатын.

Жұптық бәсекеде қола әкелген Александра Ле жекелей сында да финалға шықты Фото: Olympic.kz

Нысана көздеуден Қазақстан командасының мүшесі Александра Ле Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Александрра 10 метрге пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден іріктеу кезеңін алтыншы орынмен аяқтады. Ал финалға алғашқы сегіз спортшы өткенін естеріңізге саламыз. 

Арина Алтухова 627.7 ұпаймен 17-орын алды. 

Аралық нәтиже бойынша, бірінші орында кореялық Хьеджин Бан орналасты. Ол іріктеуде жиған ұпайы бойынша (634.5) олимпиадалық рекорд орнатты.

Спортшылар медальға ертең, 29 шілде күні таласады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу