"Жүрегі тоқтап, жерге құлап түскен": Дәрігерлер 78 жастағы әженің өмірін сақтап қалды

252

Қарт кісі аялдамада автобус күтіп тұрған.

"Жүрегі тоқтап, жерге құлап түскен": Дәрігерлер 78 жастағы әженің өмірін сақтап қалды Фото: NewTimes.kz

Өскемен қаласында аялдамада отырған 78 жастағы әже кенет жүрегі тоқтап жерге құлап түскен. Шұғыл жеткен дәрігерлер оны аман сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің фельдшерлер 78 жастағы әженің жүрек жұмысы мен өздігінен тыныс алуын қалпына келтіру үшін бәрін жасады. Зейнеткер облыстық аурухананың кардиологиялық жансақтау бөліміне жеткізілді. Оны кардиолог, невропатолог, реаниматолог мамандар бақылауына алды. Қазір қарттың жағдайы тұрақты. №4 қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр", - деп хабарлады ШҚО жедел медициналық жәрдем станциясынан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу