"Жүрегі жылап тұр": Желіде әскердегі ант қабылдауға анасы келе алмаған сарбаздың бейнежазбасы тарады

6396

Бейнежазбаны Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің басшысы майор Нұрбол Шалабаев түсірген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жүрегі жылап тұр": Желіде әскердегі ант қабылдауға анасы келе алмаған сарбаздың бейнежазбасы тарады Фото: Бейнеден

Жас сарбаздың жыларман күйдегі бейнежазбасы желіде тарап, екі миллионнан астам қаралым жинаған.

Александр Землянкин 1 маусымда Маңғыстау облысындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының 51809 әскери бөлімінде ант қабылдаған екен. Алайда туыстары келе алмапты.

Өзі Щучинск қаласының тумасы. Анасы ұлын жалғыз тәрбиелеп өсірген. Александрдың екі қарындасы бар. Анасы отбасын асырау үшін жұмыс істеп, Ақтауға жете алмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу