Қазақстандық эколог Евгений Мұхамеджанов қайтыс болған жасөспірім қызы туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Сұрақ тым көп, ауыр қайғы. Жүрегімнің бір бөлігін жұлып кетті. Болған оқиғаның егжей-тегжейі туралы, одан қалды сұхбат беру туралы менен сұрамаңыздар. Балам қайтыс болды, болған жағдайды өзгерте алмаймыз. Қолдау білдіріп жатқандарыңызға рақмет", - деп жазды экосарапшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, 16 қыркүйек күні Алматыда 7-сынып оқитын екі қыз көпқабатты үйдің шатырынан құлап көз жұмды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу