Шымкенттің кардиологиялық орталығында биыл 2,5 мың науқасқа ота жасалған

1351

Шымкенттің кардиологиялық  орталығы елімізде жүрекке операция жасауда көш бастап тұр. 

Шымкенттің кардиологиялық орталығында биыл 2,5 мың науқасқа ота жасалған

Емдеу мекемесінде жыл басынан бері 2500-ден аса науқасқа ота жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, операцияның басым бөлігі  жүрек талмасына ұшыраған науқастарға жасалып отыр. 500-ден аса ота күрделі түрде жүргізілген. Орталықта, сондай-ақ, жүрекке стенд қою, қақпақшасын ауыстыру, аортакоронарлы шунттау отасы және туа бітті ақауларын бекіту сияқты операциялар да жасалған.

"Осы уақытқа дейін жүрек өткізгіштігінің күрделі бұзылуы айқындалған 843 науқасқа тұрақты электрокардиостимулятор орнатылды, жүрек ырғағының күрделі бұзылуы анықталған 600 науқасқа электрофизиологиялық зерттеу мен радиожиілікпен абляция отасы жүргізілді. Өмірге қауіпті жүрек ырғағының бұзылуы мен жүректің тоқтап қалу қаупі жоғары 74 науқасқа автоматты кардиовертер/дефибриллятор орнатылды. Сонымен қатар 18 науқасқа бивентрикулярлы кардиовертер/дефибрилляторлар орнатылды", – дейді қалалық кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Спандияр Бекжігітов.

Бүгінде кардиологиялық орталық республикада Астана мен Алматыдан кейін үшінші орында тұр. Мұнда облыс тұрғындарынан бөлек өзге де өңірлердің тұрғындары ем іздеп келуде. Себебі, Қазақстан бойынша осы орталықта ғана жүрек ақауларын емдейтін қондырғы орнатылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу