Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түсті

1077

Заңгер Ләззат Ахатова композитордың жүрегі сыр бергенін айтты. 

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түсті Фото: stan.kz

Белгілі сазгер Қалдыбек Құрманәлінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Әнарудың әкесі Қалдыбек аға жүрек талмасы ұстап, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргенмін, өкпеме суық тиіп, Шымкентте емделудемін. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек", – деді қорғаушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу