"Жүрек жылуы" акциясы: астаналық Гүлжахан Сыдықоваға Мемлекет басшысының атынан сыйлық табысталды

1270

Елімізде "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.  

"Жүрек жылуы" акциясы: астаналық Гүлжахан Сыдықоваға Мемлекет басшысының атынан сыйлық табысталды Фото: gov.kz

Акция аясында еріктілер мен белсенді азаматтар халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына: көпбалалы отбасылардың, ерекше қажеттіліктері бар жандардың, зейнеткерлердің және т.б. өтініші мен тілектерін орындауға көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осыған дейін Мемлекет басшысы акцияға қатысушылармен кездесіп, сандықшадан хаттардың бірін таңдаған болатын. Өтініште Астана тұрғыны тонометр сұрағаны жазылған.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Гүлжахан Сыдықовамен кездесіп, Мемлекет басшысының атынан тонометрді табыстады.

Сондай-ақ оған материалдық көмек көрсетіліп, санаторийге жолдама беріледі. Гүлжахан Сыдықова Президент пен "Жүрек жылуы" қайырымдылық акциясына қатысушыларға алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу