ІІМ көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтардың қайтадан рөлге отыруына тосқауыл қою шараларын күшейтті. Соңғы бес күнде осындай 245 жүргізуші анықталып, оның 115-і әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді. Сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, кейбір жүргізушілер заң талабын елемей, қайтадан рөлге отырады. Мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
Полиция соңғы бес күнде көлік жүргізу құқығынан айырылған 245 адамды ұстады. Олардың 115-і әкімшілік қамаққа алынса, 130-ына айыппұл салынды. Ұсталғандардың көліктері түгелдей арнайы айып тұрағына қойылды.
ІІМ мұндай заң бұзушылықтарға қатысты қатаң шара қолданылатынын ескертті. Көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтарға рөлге отыруға ешқандай жағдайда рұқсат жоқ.