Жүргізуші көлік нөмірін әдейі жасырып, камераға ортаңғы саусағын көрсеткен

493

Жүргізуші нөмірін де әдейі жасырған.  

Жүргізуші көлік нөмірін әдейі жасырып, камераға ортаңғы саусағын көрсеткен Фото: iapn.kz

Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 140-шақырымында көлік жүргізушісі бейнебақылау камерасына әдепсіз қимыл көрсеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға полиция қызметкерлерінің камераларды мониторингтеуі кезінде тіркелді.

Бейнежазбада жүргізушінің камераның жанынан өтіп бара жатып, оған әдейі әдепсіз қимыл көрсеткені анықталған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер сұр түсті Mercedes-Benz көлігін тауып, жүргізушісін тоқтатты. Тексеру кезінде оның камераға жақындағанда мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасырғаны да анықталды.

Осыған байланысты жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті баптары бойынша хаттамалар толтырылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу