Жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріледі

3897

Елімізде жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі жарияланды.  

Жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріледі

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріле бастайды, деп ҚР ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Министрлік бұрын берілген жүргізуші куәліктері мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктерді ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтты.

"Жүргізуші куәлігі қызмет мерзімінің уақытында жарамды бола береді (жүргізуші куәлігі берілген күннен бастап 10 жыл бойы, КҚ тіркеу туралы куәлік – оны кейін ауыстырғанға дейін). Аталған құжаттарды беру үшін мемлекеттік баж мөлшері өзгермейді және ол бұрынғыша 1,25 АЕК-ті құрайтын болады", – делінген хабарламада.

Аталған шаралар жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіру үшін қажет және құжаттарды дайындаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге мүмкіндік береді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу