Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өту ережесі бекітілді

767

Портал тек электронды нұсқадағы өтінішті талап етеді.  

Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық тексеруден өту ережесі бекітілді Фото: elorda.info

Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 18 қазандағы бұйрығымен Көлік құралдарын басқару құқығына үміткер адамдарды медициналық тексеруден өткізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атап айтқанда, құжатта мемлекеттік қызмет көрсету стандартының орнына "Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі пайда болды.

Тізімде медицина анықтамасын алудың екі жолы бар екені көрсетілген: медицина ұйымы және электронды үкімет порталы арқылы.

Бұл ретте медицина ұйымы анықтаманы өтініш берген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде, ал портал арқылы 30 минут ішінде береді.

Медициналық анықтама алу үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:

  • медицина ұйымына: жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар қызметінен электронды құжат;
  • көлік құралдарын басқару құқығына үміткер адамдарды медициналық тексеруден өткізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру нәтижесі;
  • мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемді растайтын құжат.

Портал тек электронды нұсқадағы өтінішті талап етеді. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электронды үкімет" арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көлік басқармасына қабылдау үшін 073/у нысанындағы медициналық анықтама (дәрігерлік-консультациялық қорытынды) беріледі.

Түзетулер сонымен қатар жүргізушінің келісімімен жеке медициналық деректерді шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық тасымалдауды реттейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу