Жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтиханға өзгеріс енгізілді

348

Емтиханды енді Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды.

Жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтиханға өзгеріс енгізілді Фото: Диапазон

Қазақстандағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтиханды енді Мемлекеттік корпорация қызметкерлері қабылдайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Азаматтарға арналған үкімет" өкілдерінің сөзінше, бұл шара қызмет көрсету сапасын арттыру және тестілеудің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Айта кетейік, бұған дейін емтиханды аутсорсинг компаниялар жүргізетін.

Сондай-ақ, 16 қазаннан бастап жол қозғалысы ережелерінің 2.0 орнына жол қозғалысы ережелерінің 3.0 жаңа жүйесі енгізілді. Қазір жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру жүргізіледі және тестілеу үдері бейнебақылауға жазып алынады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу