Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

279

Ол азаматтардың 8 млн теңгесін жымқырған.                                 

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды Фото: Inbusiness.kz

Алаяқтық жасады деген күдікпен Екібастұз қаласының автомектептерінің бірінде есепші болып бейресми жұмыс істеген 33 жастағы тұрғын ұсталды. Ол жүргізуші куәлігін алып беремін деп азаматтардың 8 млн теңгеден астам қаржысын жымқырған. Жәбірленушілер қатарында Павлодар облысының тұрғындары мен қоса, Ақмола облысының тұрғындары да бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазанда ер адам полицияға хабарласып, 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың маусым айының ортасына дейін әйел Екібастұз қаласының автомектептерінің бірінде есепші болып бейресми жұмыс істеп, мемлекеттік мекемелерде танысым бар, қажетті санаттағы жүргізуші куәліктерін алып беремін деп уәде бергенін анықтады. Автомектептің оқушылары оған 150 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін (қажетті санатқа байланысты) ақшалай қаражатты жұбайының шотына аударып отырған. Кейін ешқандай нәтиже болмағандықтан, азаматтар полицияға жүгінді. Сонымен қатар алаяқтың торына тек Павлодар облысының тұрғындары ғана емес, көрші Ақмола облысының тұрғындары да түскен.

Бүгінгі таңда 48-ге жуық алданған азамат анықталды. Тұрғындарға 8 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

– Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 4-тармағы 3-бөлігінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Алаяқтық жасады деп күдіктенген әйелге қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Полиция департаменті жүргізуші куәлігін тек арнайы ХҚКО-да тиісті емтихандарды тапсырып, 1 АЕК мөлшерінде жүргізуші куәлігі үшін мемлекеттік бажды төлеу қажет екенін еске салады. 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап ЖҚЕ бойынша емтихан тапсыру бойынша функциялар мемлекеттік корпорацияға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу