"Жүргізуші куәлігін алып беремін": Оралда алаяқтық жасаған азамат ұсталды

394

Күдікті 13 адамды алдаған.    

"Жүргізуші куәлігін алып беремін": Оралда алаяқтық жасаған азамат ұсталды Фото: polisia.kz

Келтірілген жалпы шығын 6500 000 теңгені құрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Күдікті Оралдың аумағында бірнеше азаматты алдап, олардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген. Қалалық полиция басқармасы Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, өзін жүргізуші куәлігін жасап беремін деп таныстырып, қала тұрғындарын алдаған азамат ұсталды.

Аталған азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу