Жүргізуші куәлігін алып жүрмегендерге айыппұл салынбауы мүмкін

590

Бұл өзгерістер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды. 

Жүргізуші куәлігін алып жүрмегендерге айыппұл салынбауы мүмкін

Мәжіліс отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Мәжіліс депутаты Қанат Мусиннің сөзінше құжат жол қозғалысы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

"Заң жобасында Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделеді. Аталған нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауаптылықты алып тастау ұсынылады", - деді депутат. 

Бұл түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды. 

Фото: autotonkosti.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу