Жүргізуші куәлігін беру тоқтатыла ма?

777

Жаңа заң 13 ақпанда күшіне енеді.

Жүргізуші куәлігін беру тоқтатыла ма?

13 ақпаннан бастап көлік тізгіндеген қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі мен көліктің техникалық паспортын өзімен бірге алып жүрмесе де болады. Бірақ бұл келешекте аталмыш құжаттар мүлде қолданыстан шығады деген сөз емес. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов осылай деп отыр.

"Бұл құжаттар әрі қарай да берілетін болады. Бұл да халықтың көлік белсенділігіне әсер ететін мемлекеттік қызметтің бір түрі. Жыл сайын біз шамамен 500 мыңдай жүргізуші куәлігі мен 1,5 миллионда авткөлік тіркеу куәлігін береміз. Бұл құжаттар азаматтардың жұмысқа орналасуына, көлігін сатуға, халықаралық сапарға шығуына және өзге де азаматтық-құқықтық қатынастарға қажет", - деді комит өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу