Жүргізуші куәлігін ұмытқан көлік иелері жеке куәлігінің суретін көрсете ала ма?

1207

Цифрлық құжат айналымы ІІМ жүйесіне әлі енген жоқ.

Жүргізуші куәлігін ұмытқан көлік иелері жеке куәлігінің суретін көрсете ала ма?

Egov порталы арқылы алған жеке куәліктер мен анықтамалар патрульдік полиция қызметкерлеріне көрсетуге жарамсыз. Мұның себебін Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов тарқатып айтты.

"Заң бойынша адамның жеке басын куәландыратын 12 құжат бар. Студент билеті бұл тізімге кірмейді. Жүргізуші жеке куәлігінен бөлек шетел паспортын да көрсете алады. Ал цифрлық құжаттарға келсек, Цифрлық даму министрлігі қазір цифрлық құжат айналымын дамытып жатыр. Бірақ заң бойынша жеке басын куәландыратын құжаттарға әзірге тек материалдық нысандар ғана кіреді. Дегенмен, жұмыс жүріп жатыр. Цифрлық құжаттардың статусы нақтыланса, бізде де ондай құжаттар қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Ал жеке куәліктің телефондағы суреті жарамсыз. Бұл жерде суреттегі ақпарат емес, жеке куәліктің болуы маңызды", – деді ІІМ өкілі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу