Жүргізуші куәлігін заңсыз алып бермек болған алаяқ ұсталды

718

24 жасар азаматша жәбірленушілерге құжат рәсімдеуге көмектесемін деп алдап, алаяқтық жолмен ақшасын алған.

Жүргізуші куәлігін заңсыз алып бермек болған алаяқ ұсталды

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп тұрғындарды алдаған алматылық қыз ұсталды, – деп жазады  inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Жәбірленушілер ірі көлемде ақша бере отырып, мұның алдау екенін елестеткен де жоқ. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде осыған ұқсас үш дерек тіркелді. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу қыздың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Аталған факті бойынша  полицейлер азаматтарға сақ болуға және күмәнді қызметтерді уәде еткен бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

Фото: Polisia.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу