Жүргізуші куәлігін заңсыз алып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

526

Ақтөбедегі халыққа қызмет көрсету орталығында арнайы операция.

Жүргізуші куәлігін заңсыз алып берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топты дәл сол жерде ұстады. Арасында орталықтың қызметкерлерлері де бар. 

Олар тұрғындарға жүргізуші куәлігін алып беруге "көмектесумен" айналысып келіпті. Жайдан-жай көмектеспей, ол үшін 200 мың теңге алған.

Қызметіне емтихан тапсыратын бөлмеге еш кедергісіз кіріп, жауапты арнайы жабдықталған құрылғылармен хабарлап отыру кіріпті. Ал куәлік алатын клиенттердің тізімін алдын ала жасап, ал түскен ақшаны жалдамалы пәтерге апаратын болған.

Тінту кезінде полицейлер пәтерден 6 млн теңге, 1 800 АҚШ доллары тәркіленді. Шағын бейнекамера, құлаққаптар болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Зада Зейін

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу