Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Бейнеу ауданының тұрғындары жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәдесінде тұрмаған алаяққа қатысты полицияға арызданды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алаяқтық іс-әрекетпен айналысқан әйел әр жәбірленушіден 130 мың теңге көлемінде қаржы алып, дәл осындай негізбен бір жыл ішінде Маңғыстау облысы бойынша 34 адамды алдағаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлерімен алаяқтың жеке басы анықталды.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Материалдар сотқа жолданды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу